Ислам ынтымақтастығы ойындарындағы Қазақстанның алтын жетістіктері

737
Фотосурет: НОК \ Нургали Жумагазы, Турар Казангапов

Ислам ойындарында 97 спортшының 56-сы медаль жеңіп алды, әр төртінші медаль — алтын

Ар-Рияд қаласында One Nation – Бір ұлт ұранымен өткен VI Ислам ынтымақтастығы ойындары өз мәресіне жетті. Жарысқа 57 елдің спортшылары қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстан құрамасы 16 спорт түрінен өнер көрсетті: жеңіл атлетика, киберспорт, семсерлесу, гандбол, джиу-джитсу, дзюдо, карате, жүзу, үстел теннисі, таеквондо, ауыр атлетика, еркін күрес, грек-рим күресі, әйелдер күресі, ушу және муай-тай.
Ал бокс, волейбол, ат спорты, 3х3 баскетбол, футзал, дуатлон, түйе жарысы сынды спорт түрлері белгілі себептерге байланысты жарысқа қатыстырылған жоқ.

Отандық спортшылар Ислам ынтымақтастығы ойындарында барлығы 56 медаль жеңіп алды: 15 алтын, 20 күміс және 21 қола. Бұл нәтиже ұлттық құраманың жоғары дайындығын және халықаралық аренадағы тұрақты дамуын көрсетеді.

Ойындардың маңызды сәттері:
Бірқатар спорт түрінде алғаш рет ел қоржынына алтын медаль түсті. Атап айтсақ, дзюдо (Аруна Жангелдина), үстел теннисі (Кирилл Герасименко мен ерлер командасы), муай-тай (Тұрар Дүйсехан), семсерлесу (ерлер командасы) және джиу-джитсуда (үш алтын) отандастарымыз үздік шықты.

Спорттағы реванш. Үстел теннисінен Кирилл Герасименко финалда Париж Олимпиадасының 1/8 финалында есе жіберген Омар Мұхаммед Асардан басым түсті. Еркін күрестен әлем чемпионы Ризабек Айтмұқан да Париж Олимпиадасының чемпионы, әлем чемпионы Ахмед Тажудиновты (Бахрейн) ойсырата жеңді.

Гандбол, джиу-джитсу, муай-тай, ушу және семсерлесуде алғаш рет медаль жеңіп алдық.

Отандық спортшылар көптеген жарыс түрінде өздерін жоғары деңгейде көрсетіп, финалдық кезеңдерге сенімді шығып, үздік ондыққа енді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -