Сандықтау ауданының оқушыларын «Жас Ұрпақ» қатарына қабылдау бойынша салтанатты рәсім өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.
«Заң және Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру барысында 2025 жылдың 25 қарашасында Сандықтау ауданының 60 оқушыларын балалар мен жасөспірімдер қозғалысы «Жас Ұрпақ» қатарына салтанатты қабылдау рәсімі өтті.
Іс-шара жас ұрпақ арасында жоғары адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға, заңдарға құрметпен қарауға, жауапкершілік пен тәртіпті нығайтуға, сондай-ақ белсенді азаматтық ұстанымды дамытуға бағытталған.

Салтанатты жиынға аудан прокуратурасы, жергілікті атқарушы органдар, полиция бөлімінің қызметкерлері мен ұстаздар қатысты.
Жаңа мүшелерге қоғамда өзін дұрыс ұстау, өзгелерге құрмет көрсету және тәртіп пен қауіпсіздікті нығайтуға үлес қосу туралы жүрекжарды тілектер айтылды.

Іс-шара барысында оқушылар «Жас Ұрпақ» антын қабылдап, өздерінің үлгілі болуға, қоғамдық өмірге белсене қатысуға, құқықтық тәрбие бағытындағы бастамаларды қолдауға және заңға бағыну мәдениетін нығайтуға дайын екендігін растады.
«Жас Ұрпақ» қатарына қабылдану – оқушылардың тұлғалық дамуына маңызды қадам болып саналады. Бұл олардың жауапкершілігін арттырып, Қазақстан Республикасының саналы әрі белсенді азаматтарын қалыптастыруға ықпал етеді.
