Орталық Азияның үздік кондитерлері Түркістанда анықталды

836
Фотосурет: Gov

Түркістанда Орта Азияның үздік наубайшылары анықталды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Түркістан облысында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері мен өндірістік оқыту шеберлері арасында «Сhocolatine Кazakhstan–2025» халықаралық байқауы өтті.

Орта Азия елдерінен, атап айтқанда, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстаннан 22 қатысушы бақ сынады. Үміткерлер екі модуль бойынша кондитерлік өнімдердің күрделі технологияларын орындады. Олардың жұмыстарын халықаралық кондитерлік қауымдастық сарапшылары бағалады.

Байқаудың қорытындысы бойынша Кіші жас санатындағы қатысушылар арасынан Бас жүлдені және Әлем чемпионатына жолдаманы Түркістан жоғары көпсалалы аграрлық колледжінің студенті Пернен Мұхаммедәлі, «Кәсіпқой» санаты бойынша Бас жүлде мен жолдаманы Астана қоғамдық тамақтану және сервис колледжінің студенті Махмұт Еркебұлан иеленді.

Байқауда үздік деп танылған жеңімпаздар 2026 жылы Францияда өтетін Сhocolatine және Pain au Chocolat Әлем чемпионатына қатысады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -