Орталық Азияға натрий цианидінің ірі жеткізушісі Қазақстан болады

836
Фотосурет: Gov

Мемлекеттік қолдаумен Жамбыл облысында жаңа химия зауытының құрылысы басталды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жамбыл облысында жылына 25 мың тонна натрий цианидін өндіруге арналған жаңа химия зауытының құрылысы басталды. Бұл өндірістік кешен елдегі химия және қайта өңдеу өнеркәсібін дамытудағы маңызды жобалардың біріне айналмақ. Кәсіпорынды іске қосу 2027 жылдың наурызына жоспарланған.

«Химпарк Тараз» арнайы экономикалық аймағында салынып жатқан зауыт ішкі нарықтағы сұранысты толық қамтамасыз етіп қана қоймай, экспорттық әлеуетті де арттырады. Кәсіпорын өнімін отандық тұтынушылардан бөлек, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Моңғолияға жеткізу көзделіп отыр.

Жобаны жүзеге асыру еліміздің химия саласын айтарлықтай нығайтып, аммиак пен каустикалық сода бойынша ішкі нарықты шамамен 50 пайызға кеңейтуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл бастама ілеспе салалардың дамуына да серпін беріп, жергілікті қамтудың артуына ықпал етеді.

Кәсіпорын іске қосылған соң 108 тұрақты жұмыс орны ашылады, ал құрылыс кезеңінде 200-ге жуық адам уақытша жұмыспен қамтылады. Жобаның экономикалық әсері де айқын: жыл сайын республикалық бюджетке шамамен 500 млн теңге көлемінде салық түседі деп күтілуде.

Инвестициялық жобаны «Altynalmas Reagents» ЖШС жүзеге асырып жатыр. Оның нәтижесінде Қазақстан мен Орталық Азиядағы тау-кен өндіру өнеркәсібіне қажетті шикізатты ішкі нарықтан тұрақты түрде қамтамасыз ететін өндірістік тізбек қалыптаспақ. Айта кетейік, осы салада натрий цианидіне деген сұраныс жыл сайын өсіп келеді.

Құрылысты қаржыландыруды «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы қамтамасыз етіп отыр. Банк пен жобаны іске асырушы компания арасында несиелік желі туралы келісімге 2023 жылдың қыркүйек айында қол қойылған. Ал 2024 жылдың мамырында алғашқы қаржыландыру ашылды. Бөлінген қаражат көлемі – 98,8 млн еуро, бұл жобаның жалпы құнының 75 пайызына тең. Қаражат жобалаудан бастап құрылыс-монтаж және іске қосу-реттеу жұмыстарына дейінгі барлық негізгі кезеңдерді қамтиды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -