Ол бұл қызметті Мәдениет және ақпарат министрі лауазымымен қатар атқарады.
2025 жылдың 1 желтоқсанында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның вице-премьер болып тағайындалғаны белгілі болды
Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі хабарлады
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Балаева Аида Ғалымқызы Қазақстан Республикасының вице-премьері – мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды» Ақорда
Аида Балаева 1974 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша, Қазақ ұлттық аграрлық университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған
Еңбек жолын ҚР Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Алматы облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасындағы қоғамдық-саяси үдерістерді талдау және үйлестіру бөлімінің жетекші маманы, Алматы қаласының Ақпарат басқармасы бастығының міндетін атқарушы ретінде бастады (1999–2004)
Әр жылдары төмендегі лауазымдарды атқарды:
- Алматы қаласы Ішкі саясат департаменті директорының бірінші орынбасары (2004–2006)
- Алматы қаласы Ішкі саясат департаментінің директоры (2006–2008)
- Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының директоры, басқарма басшысы (2008–2010)
- Астана қаласы әкімінің орынбасары (02.2010–12.2014)
- ҚР Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісі (30.12.2014–07.2019)
- ҚР Президентінің көмекшісі – Президент Әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімі меңгерушісі (22.07.2019–04.05.2020)
- ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі (04.05.2020; 18.01.2021–11.01.2022 аралығында қайта тағайындалды)
- ҚР Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары (11.01.2022–01.09.2023)
2023 жылдың қыркүйегінен бері Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі қызметін атқарып келеді
2025 жылдың 22 қарашасында Үкіметтің қаулысымен жаңа денсаулық сақтау вице-министрі тағайындалды