Алматыда желтоқсаннан бастап үш кезекші ХҚКО және екі кезекші арнайы ХҚКО жұмыс істейді

1199
Фотосурет: Gov

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Алматы қалалық филиалының хабарлауынша, биылғы жылдың желтоқсан айынан бастап бекітілген кестеге сәйкес қалада екі кезекші халыққа қызмет көрсету орталығы және екі кезекші мамандандырылған ХҚКО қызмет көрсетеді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Алатау аудандық ХҚКО (Нұркент ықшам ауданы, 5/17 үй), Алмалы аудандық ХҚКО (Бөгенбай батыр көшесі, 221), сондай-ақ Бостандық аудандық ХҚКО (Алмагүл ықшам ауданы, Ходжанов көшесі, 9А) жұмыс күндері 9:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күндері 13:00-ге дейін азаматтарды қабылдайды.

Сондай ақ, кезекші режимде екі мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы қызметалушыларды қабылдайды: Саялы ықшам ауданы, Аққайнар көшесі, 1 және Кемел ықшам ауданы, Ақсуат көшесі, 118.

Аталған орталықтар жұмыс күндері 9:00-ден 20:00-ге дейін үзіліссіз қызмет көрсетеді. Мемлекеттік қызметтерді алу үшін өтініштер 18:00-ге дейін қабылданады. Сенбі күні құжаттар 9:00-ден 12:00-ге дейін қабылданып, дайын нәтижелер 13:00-ге дейін беріледі.

Қалған ХҚКО мен арнайы ХҚКО-лар жұмыс күндері 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді, сенбі – демалыс.

Еске саламыз, мемлекеттік қызметтерді «ХҚКО» қосымшасы, электрондық үкімет порталы немесе екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы онлайн алуға болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -