Ақмола облысында жер рәсімдеуде волокитаға тап болған кәсіпкердің құқығы қорғалды

1617
Фотосурет: freepik.com / Жасанды интеллектпен жасалған

Кәсіпкер Бурабай кентінде тыйым салынған мүлікті сату бойынша электрондық аукцион арқылы құны 25 миллион теңге қонақ үй құрылысына арналған жер учаскесін сатып алған, деп хабарлайды DKNews.kz.

Алайда жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын әзірлеу кезінде Мемлекеттік корпорация Бурабай ауданы бойынша тіркеу және жер кадастры бөлімі өтініш иесіне мемлекеттік ақпараттық жүйеде жер учаскесі туралы мәліметтерді қалпына келтіру қажеттігіне, және оны таңдау актісінің болмауына байланысты мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартқан.

Бас тартумен келіспей, кәсіпкер Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментіне шағыммен жүгінді.

«Жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау және беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларымен мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі белгіленген, дегенмен онда жер учаскесін таңдау актісінің қажеттілігі көзделмеген.

Сонымен қатар, Қағидаларды бұза отырып, қызмет беруші ауыртпалық тудыратын актіні қабылдау кезінде өтініш иесіне алдын ала шешімді жолдамай, оны өз ұстанымын білдіру мүмкіндігінен айырған.

Әкімішік рәсімдік-процестік кодексінің 14-бабымен әкімшілік органның, лауазымды адамның әкімшілік рәсімге қатысушының құқығын іске асырудан бас тартуына, шектеуіне, тоқтатуына, сондай-ақ оған Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленбеген талаптарды сақтау мақсатында міндет жүктеуіне тыйым салынатындығы белгіленген.

Жер учаскесі туралы мәліметтерді мемлекеттік ақпараттық жүйеде қалпына келтіру Бөлімінің өз құзіретіне кіргендіктен, бұл міндеттер қызмет алушыға жүктелмеуі тиіс.

Осыған орай, бас тартуды негізісіз деп танып, Департамент Бөлімге кәсіпкерлік субъектісінің бұзылған құқықтарын қалпына келтіру туралы шешім енгізді.

Соның нәтижесінде, қызмет алушыға жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты берілді. Бұл кәсіпкерге кейіннен жер учаскесін нысаналы мақсатымен, яғни қонақ үй құрылыс үшін, пайдалануға жол береді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -