Аида Балаева «Салтанат» ансамблінің елдің мәдени кеңістігіндегі маңызды орнын атап өтті

1320
Фотосурет: Gov

Астанадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық-драма театрында «Ел салтанаты» атты мерейтойлық концерт өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Іс-шара «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің 70 жылдығы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналды.

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның жолдаған құттықтау хатын Мәдениет комитетінің төрағасы Ерлан Дәкенов оқып берді.

«Алғаш құрылған күннен бастап-ақ ансамбль еліміздің мәдени кеңістігінде елеулі орын алып, төл өнерімізді әлемге таныту жолында аянбайеңбек етіп келеді. Осылайша, қазақ би өнерінің қара шаңырағы сан ұрпақтың рухани темірқазығына айналып, ұлттық болмысымыз бен мәдени құндылықтарымызды би тілінде сөйлете білді», – делінген министрдің құттықтауында.

Концерт ұлттық хореографияның таңдаулы үлгілерін және түрлі этномәдени дәстүрлерді тоғыстырған көркем өнер мерекесі болды. Ансамбль жаңартылған концерттік бағдарламасында классикалық қазақ билері мен әлемдік хореографияның үздік қойылымдарын ұсынды.

Кештің ерекше атмосферасын құрметті қонақтардың өнері толықтыра түсті. Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның Қазақ оркестрі, «Қазақконцерт» РМКҰ-ның «Бірлік» ән-би ансамблі, әйгілі «Гүлдер» ансамблі, «Шалқыма» халық би ансамблі және «Наз» мемлекеттік би театрының ұжымдары мерекелік кештің сәнін келтірді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -