«Жас сарбаз» балалар студиясының тәрбиеленушісі «Голос. Дети» байқауында үшінші орын алды

847
Фотосурет: Gov

12 жастағы Жасмина Түзелова Мәскеуде өткен шоудың он екінші маусымында «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының атынан өнер көрсетті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бір күнде өткен финал екі кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңде Жасмина 1973 жылы түсірілген «Бегство мистера Мак-Кинли» фильміне жазылған Владимир Высоцкийдің «Прерванный полет» әнін тебіренте орындады. Жас әншіге мұндай терең әрі күрделі шығарманы сеніп тапсыруы – оның өнеріне деген зор сенімнің белгісі.

Суперфиналға шыққан үш қатысушының қатарында Жасмина да болды. Ол «Приключения Электроника» фильміндегі «Крылатые качели» әнін шырқады.

Қызым үшін өте қуаныштымын. Еңбегіміздің жемісін көрдік. Қолдау білдірген баршаңызға алғыс айтамын, – деді әншінің анасы, кәсіби музыкант Гүлзия Өтеева.

Анасының айтуынша, Жасминаның музыкалық қабілеті төрт жасында-ақ байқалған. Ол «Балапан» арнасындағы әндерді дәл нотаға түсіріп айтып, ерекше таза да кең даусымен көзге түскен.

Биыл Жасмина Орталық әскери оркестр мен Орталық ансамбль құрамында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған XVII Халықаралық «Спасск мұнарасы» әскери-музыкалық фестиваліне қатысқанын айта кетейік. Мәскеудің Қызыл алаңында ол «Әлия» әнін айтып, көрерменді өнерімен тәнті еткен болатын.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -