Алматыда ең белсенді еріктілер марапатталды

1903
Фотосурет: Gov

Алматы қаласында Халықаралық еріктілер күніне орай ұйымдастырылған қалалық еріктілер форумы өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Іс-шара Алматы қаласы Жастар саясаты басқармас

2025 жылы алматылық еріктілер қалада еріктілікті дамыту бойынша ауқымды әрі жүйелі жұмыс атқарды: 50 мыңнан астам ерікті тіркеліп, олардың 10 мыңнан астамы әлеуметтік, экологиялық және білім беру бастамаларына алғаш рет тартылған жаңа қатысушылар болды. Еріктілік қозғалыстың қызметі 42 ірі ұйымды біріктіретін және жан-жақты әдістемелік әрі ұйымдастырушылық қолдау көрсететін Еріктілер фронт-кеңсесі арқылы реттеледі. Әлеуметтік акциялар аясында 80-нен астам отбасына атаулы көмек көрсетіліп, халықтың осал топтарына қолдау білдірілді, «Eco Qala Fest» пен «ЖасЭкоПатрульді» қосқанда экологиялық жобалар мен сенбіліктер өткізілді. Ашық аспан астындағы кинокөрсетілімдер, дәрістер мен кездесулер ұйымдастырылып, жасөспірімдер мен жастарға арналған 60-тан астам білім беру курсы өткізілді. Сонымен қатар, 800-ден астам ерікті ТЖД-мен әріптестік аясында төтенше жағдайларға дайындық бойынша арнайы оқытудан өтті, ал «Жақсылық істер марафоны» шеңберіндегі қайырымдылық іс-шараларға 12 мыңнан астам адам тартылды.

Форум барысында ең белсенді еріктілер мен еріктілік ұйымдар арнайы алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды. Бұл олардың еңбегіне деген құрметпен қатар, жаңа қатысушыларға да шабыт берді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -