Алматыда күрт суыту мен қар жаууы күтіледі: егжей-тегжейлі болжам

1749
Фотосурет: Gov

Метеорологиялық қызмет пен жергілікті болжамға сүйенсек, Алматыда алдағы күндері ауа райы күрт бұзылып, апта басындағы жылымық біртіндеп бәсеңдеп, соңы қарға ұласып, шыңылтыр аяз орнайды, деп хабарлайды DKNews.kz.

8 желтоқсан

Күн ала бұлтты, кей жерде қырбақ қар немесе ұсақ мұз түйіршіктері түріндегі аздаған жауын-шашын түсуі мүмкін.

Оңтүстік-батыстан жел соғады 5-10 м/с.

Түнде: –2…–4°С, күндіз: +2…+4°С.

9 желтоқсан

Күн бұлтты. Айтарлықтай жауын-шашын жоқ (кей жерде аздаған қар жауады)

Оңтүстік-батыстан жел соғады 5-10 м/с.

Түнде: –8…–10°С, күндіз: 0…+2°С.

10 желтоқсан

Күн бұлтты, аздап қар жауады. Аяз едәуір күшейеді.

Солтүстіктен жел соғады 3-8 м/с.

Түнде және күндіз: –7…–9°С. Түн ортасында күн одан сайын суытып, –18…–21°С-қа дейін төмендейді.

11 желтоқсаннан бастап күн ашық, үскірік аяз орнайды.

Түнде –10…–12°С, күндіз –4…–6°С.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -