Оман астанасында екі мыңнан астам көрермен қазақ балетін тамашалады

1023
Фотосурет: Gov

Маскат Корольдік опера театрында Ролан Петидің «Коппелия» балеті сахналанды. Оман тарапының арнайы шақыруымен барған «Астана Опера» театры көрерменге жоғары деңгейдегі кәсіби орындаушылық шеберлігін паш етті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Корольдік опера театрының сахнасының көрінісі

Екі күн ішінде балетті екі мыңнан астам көрермен тамашалады. Маэстро Руслан Баймурзин жетекшілік еткен оркестр қойылымның драматургиясын тереңдетіп, әсерлі музыкалық атмосфера қалыптастырды.

Корольдік опера театрының сахнасының көрінісі

Омандық өнерсүйер қауым мен шетелдік меймандар қазақстандық труппаның өнерін зор ықыласпен қабылдады. Олар орындаушылықтың дәлдігін, артисттердің айқын образ жасауын, ансамбльдің мінсіз үйлесімін ерекше атап өтті. Маскаттық көрермендердің бірі қойылымды «сирек кездесетін пластика мен жоғары кәсіби шеберліктің үйлесуі» деп бағалап, жетекші солистердің ойын-өрнегі «толыққанды үйлесім әсерін сыйлағанын» жеткізді.

Корольдік опера театрының сахнасының көрінісі

Гастрольдердің табысты өтуіне балет труппасының көркемдік жетекшісі Алтынай Асылмұратованың еңбегі айрықша үлес қосты. Педагогтар мен репетиторлардың жүйелі дайындығының арқасында «Астана Опера» өзінің орындаушылық мектебін қалыптастырып қана қоймай, репертуарлық саясатында биік кәсіби талап пен бірізділікті тұрақты түрде ұстанып келеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -