Қазақстанда ауыл оқушыларына арналған олимпиаданың финалдық кезеңі өтіп жатыр

1243
Фотосурет: Gov

Ауыл мектептері оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы қорытынды кезеңі басталды, деп хабарлайды DKNews.kz.

2025 жылдың 9-13 желтоқсан күндері Астана қаласында ауыл мектептерінің 10-11(12) сынып оқушылары үшін республикалық олимпиаданың қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы төртінші, қорытынды кезеңі өтеді.

Қорытынды кезеңде қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 7 пән бойынша екі тур ұйымдастырылады. Биылғы сайысқа еліміздің барлық өңірінен 432 оқушы жолдама алды.

Олимпиаданың негізгі мақсаты – ауыл оқушыларының қабілеттерін ашу, дарынды, білімді балаларды анықтау және олардың интеллектуалдық дамуына жағдай жасау.

Айта кетейік, ауыл оқушыларының интеллектуалды жарыстарға қызығушылығы жыл сайын артып келеді: былтыр бастапқы кезеңге 99 264 оқушы қатысса, биыл бұл көрсеткіш 125 000 оқушыға жеткен.

Олимпиада нәтижесінде қатысушылар санының 45%-ы жеңімпаз және жүлдегер атанады. Олар ҚР Оқу-ағарту министрлігінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады. Сонымен қатар, үздік оқушыларға еліміздің бірқатар жоғары оқу орындарына ректорлық гранттар табысталады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -