Партия активі студенттермен кездесті: «еңбекқорлық және кәсібилік» идеологемасы негізінде дөңгелек үстел өткізілді

880
Фотосурет: «Ауыл» партиясы

2025 жылдың желтоқсанның 9 күні, «Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиалы Шәкәрім университетінің «Ауыл шаруашылық» мамандығында білім алып жатқан бір топ студенттер қауымымен дөңгелек үстел өткізіп, «Еңбекқорлық және кәсібилік» идеологемасының негізгі мазмұны мен қоғамдық маңызын түсіндірді.

Кездесуге ұстаздар, партияның белсенді мүшелері, жастар қатары қатысты.

​​​​​​​Жиын барысында, спикер Е.Омарғалиев еңбекке адалдық, кәсіби шеберлікті арттыру, жұмыс сапасын жақсарту, білікті маман даярлау, еңбек мәдениетін көтеру және жауапкершілік мәселелері турасында сөз қозғады. Партия өкілі бұл идеологема – экономика дамуының, әлеуметтік тұрақтылықтың және азаматтық жауапкершіліктің маңызды кепілі екенін атап өтті.

Сондай-ақ кездесуде қатысушылар, еркін пікір алмасып, өңірдегі жұмыссыздық, білікті маман даярлау, жастардың кәсіби бағдарлануы және еңбек нарығындағы сұраныс туралы сұрақтар қойды. Сонымен бірге, олар өз ұсыныс-ойларын айтып, өзекті мәселелерді көтерді. Партия активі барлық сұрақ пен ұсыныстар назарға алынатынын айтты.

Жиын соңында, қатысушылар, еңбекқорлық пен кәсібилік қоғамның өркендеуіндегі негізгі құндылық екенін атап өтіп, мұндай бастамаға қолдау танытты.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -