Ақтау соты Әзербайжанға мұнай контрабандасы ісі бойынша үкім шығарды

880
Фотосурет: Максим Золотухин/DKNews.kz

Ақтау қалалық сотының үкімімен бірқатар компаниялардың директорлары мен қызметкерлері мұнайды Әзірбайжанға заңсыз тасымалдағаны үшін сотталды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Аталған тұлғалар қылмыстық топ құрамында «пештік отын» атауын пайдаланып, мұнайды кедендік шекара арқылы бірнеше рет заңсыз өткізіп, мемлекетке 2 млрд теңге көлемінде залал келтірген.

Олардың іс-әрекеттері ҚК-тің 234-бабының 3-бөлігінің 2 -тармағымен және 262-бабының 2-бөлігімен (қылмыстық топпен, бірнеше рет жасалған контрабанда) сараланды.

Сот тұлғаларға қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде бас бостандығынан айыру жазасын өтеуді тағайындады.

Мүліктер мемлекет кірісіне тәркіленіп 1,4 млрд теңгеден астам шығын өндірілді.

Үкім заңды күшіне енді.

Бас көлік прокуратурасы мұнай және мұнай өнімдерін заңсыз әкелу мен әкетуге оқталғаны үшін мүлікті тәркілеу арқылы қылмыстық заңмен қатаң түрде жолы кесілетіні туралы ескертеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -