Қазақстан мен Молдова екіжақты қатынастарды нығайтуда, деп хабарлайды DKNews.kz.
ҚР Молдовадағы Елшісі Алмат Айдарбеков Примар Лилия Пилипецкидің шақыруымен Сороки қаласында болды.

Тараптар екіжақты қатынастардың перспективті бағыттары жөнінде пікір алмасты. Әсіресе Қазақстан мен Молдова аумағында іске асырылып жатқан мәдени, әлеуметтік және экономикалық жобаларға өзара қатысу мүмкіндіктеріне назар аударылды.

Сұхбаттастар өзара ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын айқындау және оны жандандыруға бағытталған нақты қадамдарды әзірлеу мақсатында тұрақты байланыстарды қолдауға дайын екендіктерін білдірді.
