ҚазҰУ-дағы SCIENCE 0+ университеттің ғылымды насихаттаудағы жетекші рөлін растады

1562
Фотосурет: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «SCIENCE 0+» халықаралық ғылым фестивалі жалғасуда, деп хабарлайды DKNews.kz.

Ғылымды кеңінен насихаттауды мақсат еткен екі күндік іс-шараға мектеп оқушылары, университеттің оқытушылары, жас ғалымдар, студент жастар қатысып жатыр. Халықаралық фестиваль ғылым мен білімге қызығушылықты арттырып, жас буынды зерттеушілікке баулуға бағытталған.

Фестиваль бағдарламасы мазмұнға бай әрі түрлі бағыттарды қамтиды.  Қатысушылар үшін түрлі бағыттағы шеберлік сабақтары ұйымдастырылып, ғылымның заманауи жетістіктеріне арналған қызықты тақырыптарда дәрістер оқылды. Сонымен қатар жас ғалымдардың инновациялық жобалары мен ғылыми әзірлемелері таныстырылып, олардың идеялары көпшілік назарына ұсынылды.

Іс-шара барысында көрермендерге арналған химиялық шоулар көрсетіліп, тәжірибелер арқылы ғылымның қызықты қырлары паш етілді. Сондай-ақ әлемдік кинотуындыларға ғылыми тұрғыда талдау жасалып, фильмдердегі ғылыми тұжырымдардың шынайылығы мен маңыздылығы талқыланды.

Жиын барысында белгілі сарапшылар мен ғалымдар, соның ішінде Николай Никитин және МИФИ Ұлттық ядролық зерттеу университетінің лекторлары арнайы дәрістер оқып, қатысушылардың көкейінде жүрген сауалдарына жауап берді. Спикерлер ғылымдағы заманауи үрдістер, халықаралық ынтымақтастық және жас зерттеушілерге арналған мүмкіндіктер жөнінде кеңінен ақпарат ұсынды.

Шара соңында фестивальге белсене қатысқан жас ғалымдар мен оқушылар, үздік жобалардың авторлары марапатталып, арнайы дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды. «SCIENCE 0+» халықаралық ғылым фестивалі қатысушылар үшін тәжірибе алмасудың, жаңа білім мен шабыт алудың маңызды алаңына айналды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -