Айбек Смадияров Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөліміне жетекшілік ететін болды

1089
Фотосурет: Gov

Мемлекет басшысы Айбек Смадияровты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігіндегі лауазымға тағайындады, деп хабарлайды DKNews.kz.

"Мемлекет басшысының өкімімен Айбек Серікбайұлы Смадияров Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды" Ақорда
 Айбек Смадияров 1983 жылғы 7 шілдеде дүниеге келген. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін тәмамдаған. Дипломатиялық дәрежесі – II сыныпты кеңесші.

Еңбек жолы:

  • 2005 жыл – «Қазақстандағы Қытай банкі» АҚ Әкімшілік департаментінің маманы

  • 2006–2008 жылдар – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаментінің маманы

  • 2008–2010 жылдар – ҚР СІМ Еуропа департаментінің атташесі, үшінші хатшысы

  • 2010–2012 жылдар – Қазақстан Республикасының Венгриядағы Елшілігінің үшінші хатшысы

  • 2012–2013 жылдар – Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметінің сарапшысы

  • 2013–2014 жылдар – ҚР СІМ Сыртқы саяси талдау және болжамдау комитетінің бірінші хатшысы

  • 2014–2018 жылдар – Қазақстан Республикасының Вьетнамдағы Елшілігінің екінші, бірінші хатшысы

  • 2018–2019 жылдар – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Баспасөз қызметінің жетекшісі

  • 2019–2023 жылдар – Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары – ҚР СІМ ресми өкілі

  • 2023–2025 жылдар – Коммуникациялар департаментінің директоры – ҚР СІМ ресми өкілі

  • 2025 жылғы ақпан – 2025 жылғы желтоқсан – Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы – ҚР СІМ ресми өкілі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -