2-13 желтоқсан аралығында Дубайда Халықаралық бокс қауымдастығында (IBA) ерлер арасында бокстан әлем чемпионаты өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.
Жарысқа Испания, Грузия, Ресей, Молдова, Қырғызстан және Қазақстанды қоса алғанда, әлемнің 109 елінен шамамен 430 боксшы қатысты. 13 салмақ дәрежесіндегі жауынгерлер ең мықты атақтар үшін жұдырықтасты.
Ақтық сында 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық боксшы - ҚР ІІМ Ұлттық ұланы спорт командасының мүшесі қатардағы Абылайхан Жүсіпов ресейлік Сергей Колденковпен кездесті. Кездесу төрешілердің дербес шешімімен отандасымыздың жеңісімен аяқталды.

Осылайша, Абылайхан Жүсіпов әлем чемпионы атанып, Қазақстан құрамасына турнирдің үшінші алтын медалін әкелді, ал Сергей Колденков күміс жүлдегер атанды. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейінгі “алтынды" Сәкен Бибосынов (54 кг) пен Оразбек Асылқұлов (57 кг) жеңіп алған болатын. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы алты медаль: үш алтын, бір күміс және екі қола жеңіп алды.

Дубайдан оралғаннан кейін елордалық әуежайда чемпионат жүлдегерлерінің салтанатты кездесуі өтті. Әскери қызметшіні ата-ана, туыстары, жанкүйерлері, қызметтегі және спорттағы әріптестері қарсы алды. Олардың арасында Олимпиада чемпионы, бокстан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Серік Сәпиев те болды. Ұландықтар чемпионды лайықты жеңісімен құттықтап, барлық жас әскери қызметшілерге үлгі болған жетістігі үшін алғыс білдірді.

Ұландық Абылайхан Жүсіповтың Әлем чемпионатындағы жеңісі — рухтың, жеңіске деген ерік-жігердің және Отанға деген адалдықтың жарқын үлгісі болды.
