Қызылорда облысы Қазалы ауданы, Майлыбас ауылдық округі, Ақсуат ауылында ҚР ТЖМ-нің ауылдық елді мекендердегі өртке қарсы инфрақұрылымын нығайтуға бағытталған «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында 121-ші өрт сөндіру пунктінің ашылу салтанаты өтті. Оған Қызылорда облысы ТЖД бастығының бірінші орынбасары Түйменов Жасұлан, Қазалы ауданының әкімі Есмаханов Алмасбек, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері және ауыл тұрғындары қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.



Ашылу жергілікті атқарушы органдардың қолдауының және елімізде ерікті өртке қарсы құрылымдар желісін дамытуға бастамашы болған ҚР ТЖМ басшысы Шыңғыс Әріновтің жеке назарының арқасында мүмкін болды.

