Костенко атындағы шахтада өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері талқыланды

1331
Фотосурет: Gov

ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Садырбаев Ерболат Алтынбекұлы және Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасының орынбасары Есенеев Кенгирбай Алиақпарович «Karaganda Komir» ЖШС-нің Костенко шахтасына барды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Визит барысында вице-министр жер асты жұмыс орындарында персоналды іздеу және позициялау жүйесімен, жер асты объектілерімен радиобайланыс жүйесімен және ауаны газбен мониторинг жасау жүйесімен танысты. Сонымен қатар АСМО медициналық тексеру бөлмесін және шахта мұражайын көрді.

Жұмыс сапары аясында делегация 47К1-з лавасына ( +100 горизонт, 620 метр тереңдікте) түсті. Сапардың мақсаты – кәсіпорынның қызметімен танысу және өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейін бағалау болды.

Сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша кеңес өткізіліп, кәсіпорынның жұмысымен танысу жүргізілді.

Сапар қорытындысы бойынша кәсіпорында өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайын жақсартуға бағытталған бірқатар ұсыныстар берілді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -