Қазақстан Bloomberg нұсқасы бойынша әлемдегі ең үздік 25 туристік бағыттың қатарына енді

1023
Фотосурет: Gov

Қазақстан әлемдік туристік картадағы өз позициясын нығайтып келеді. Беделді халықаралық Bloomberg басылымы Алматы қаласын 2026 жылы баруға тұрарлық әлемдегі ең үздік 25 туристік бағыттың тізіміне енгізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Bloomberg Алматы қаласының туристік тартымдылығының тұрақты өсімін және оның жыл бойы сұранысқа ие бағыт екеніне назар аударады. Оның ішінде қалалық мәдениет, бай тарихи мұра, гастрономия және табиғи ландшафттарға жақындығы көрсетіледі.

«Орталық Азия даласында шығармашылық энергия қайнап жатыр. Елдің ең ірі қаласының танымалдығы артып келеді және 2025 жылдың 9 айында рекордтық 2,5 миллион адам болған. Кейбірі алтын күмбезді Зенков соборын, дәмдеуіштер, бал және жылқы етінен жасалған шұжықтар сатылатын Жасыл базардың сауда қатарларын көру үшін келеді. Басқалары қаланың бетон құрылысы артында менмұндалайтын Іле Алатауы тауларындағы көлдер мен тау шаңғысы беткейлеріне қарай бет алады», - деп жазады басылым.

Bloomberg Алматыдағы демалыстың маусымдық әртүрлілігіне ерекше назар аударады. Қыс мезгілінде туристерге Шымбұлақтың тау беткейлеріне бару ұсынылады.

«Bloomberg нұсқасы бойынша Қазақстанның әлемдегі ең үздік 25 туристік бағыттың қатарына кіруі - маңызды халықаралық мойындау және қаланың танымалдығын арттыру бойынша Visit Almaty жұмысының нәтижесі болып табылады. Бұл еліміздің жаһандық туристік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігінің және халықаралық аудиторияның Қазақстанға қызығушылығының артқанын растайды. Соңғы жылдары мемлекетіміз жетекші әлемдік БАҚ рейтингтерінде орын алуда», - деп атап өтті «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының м.а. Даниел Сержанұлы.

Жыл сайынғы рейтинг туристік трендтерді сараптау, сала жаңалықтарын туризм саласындағы сарапшылармен талдауы негізінде қалыптастырылады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -