Мемлекет басшысы «2025 жылы жас қазақстандық жазушылар мен ақындарға арналған арнаулы Президенттік әдеби сыйлықты беру туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Тиісті құжатқа 2025 жылғы 24 желтоқсанда Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, деп хабарлады Акорда.
2025 жылы жас қазақстандық жазушылар мен ақындарға арналған арнаулы Президенттік әдеби сыйлық мына авторларға табысталды:
-
Әлменбет Арман Ерланұлы — «Проза» номинациясы бойынша «Тергеуші» шығармасы үшін
-
Исжанов Саян Кенжегалиевич — «Поэзия» номинациясы бойынша «Құмдағы хикая» өлеңдер жинағы үшін
-
Мустафиев Бауыржан Ширмединұлы — «Драматургия» номинациясы бойынша «Ақ киіз» драмалық шығармасы үшін
-
Тілегенов Асылан Біржанұлы — «Балалар әдебиеті» номинациясы бойынша «Жазда атамның ауылында...» өлеңдер жинағы үшін
Президенттік әдеби сыйлық жас қаламгерлерді қолдауға және қазіргі қазақстандық әдебиетті дамытуға бағытталған.