Алматыдан Ұлттық ұлан академиясына жол тартқан Абдиманатов Нартай Исатайұлының арманы орындалды

1111
Фотосурет: ҚР ҰҰ баспасөз қызметі

Бүгінде ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғауға бағытталған әскери мамандықтарға қызығушылық артып келеді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Әсіресе, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының беделді оқу ордасы – Ұлттық ұлан академиясы жастардың арманына айналған. Әр өңірден келген жас талапкерлер осы академияны таңдап, нағыз офицер болу жолына түсуде. Солардың бірі – Алматы қаласы Бостандық ауданынан шыққан Абдиманатов Нартай Исатайұлы.

Нартайдың әскери өмірге қызығушылығы бала кезінен басталды. Ол спортқа ерекше қызығып, волейболмен айналыса бастады. Спорт оған төзімділік, табандылық пен еңбекқорлық қасиеттерін сіңірді. Уақыт өте келе Нартай өз өмірін елге қызмет етуге арнауға шешім қабылдады. Ел қорғаушы болу, офицерлік өмірдің жауапкершілігін сезіну оны жігерлендірді.

Мектеп қабырғасынан бастап әскери өмірге деген қызығушылығы өсіп, арманы нақты мақсатқа айналды. 11-сыныпта оқып жүрген кезінде мектепке форма киген әскери қызметшілер келіп, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан академиясы туралы, курсанттардың күнделікті өмірі мен әскери қызметтің мәні жайында әсерлі әңгіме жүргізді. Сол кездесуде айтылған әрбір сөз Нартайдың жүрегіне терең әсер қалдырды. Әскерилердің тік бейнесі, салмақты сөзі, академиядағы тәртіп пен білім беру жүйесі жас талапкерді ерекше қызықтырып, оның арманының оянуына себеп болды.

Мектепті бітірген соң Нартай Ұлттық бірыңғай тестілеуден 60-тан жоғары балл жинап, өз арманына бір қадам жақындай түсті. Ол үлкен жауапкершілікпен шешім қабылдап, жергілікті әскери бөлімге барып Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан академиясына түсу үшін жолдама алады. Академияға түсу – жеңіл жол емес. Әр талапкер міндетті түрде медициналық тексерістен, психологиялық іріктеуден және дене шынықтыру нормативтерінен жоғары нәтижемен өтуі тиіс.

Академияға келген соң Нартай үш кезеңнен тұратын іріктеуден өтті: Медициналық тексеру – денсаулығын бағалау; психологиялық іріктеу –мінез-құлық ерекшеліктерін тексеру; Дене шынықтыру сынағы – физикалық төзімділік пен күш-жігерді бағалау.

Барлық сынақтардан сүрінбей өткен Нартай өз арманына алғашқы нақты қадамын жасады. Ол Ұлттық ұлан академиясына қабылданып, болашақ офицер болуға жолдама алды.

Қазіргі таңда Нартай академияда 1-курс курсант ретінде оқу мен әскери дайындықты қатар алып жүр. Ол Ұлттық ұлан академиясына қабылданған күннен бастап қазіргі күнге дейін өзін тек жақсы жағынан көрсетуде. Сонымен қатар, Нартай академия бұрышында спорттық қабілеттерін дамытуда.

Диас тек оқу мен дайындықта ғана емес, академияның қоғамдық өмірінде де белсенді. Әскери тәртіпті, бірлік пен ұжымдық рухты жоғары қоя отырып, өз қатарластарына үлгі бола біледі. Офицер болуды оның өмірлік ұстанымы, азаматтық борышқа адалдықтың көрінісі деп айтуға толық негіз бар.

Болашақ офицердің әр күні – үлкен мектеп. Диас осы жолда білімін тереңдетіп, әскери адамға тән қасиеттерді шыңдап келеді. Ол үшін академия – тек оқу орны емес, нағыз өмір мектебі, елге қызмет етудің алғашқы баспалдағы.

Бұл жол — жеңіл емес, бірақ нағыз ерлердің жолы. Ал сол жолда табандылық пен намыс барда, Нартай сияқты жастар ел сенімін ақтай бермек.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -