Ұлттық ұланда психолог мамандарға құрмет көрсетілді

1100
Фотосурет: ҚР Ұлттық ұланы “Батыс” өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

25 желтоқсан – Психолог мамандар күніне орай Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығында жеке құрамның моральдық-психологиялық жай-күйіне жауапты психолог мамандарға құрмет көрсетілді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Салтанатты шара барысында басшылық әскери психологтардың Ұлттық ұлан сапындағы маңызды рөліне тоқталып, олардың сарбаздардың психологиялық тұрақтылығын қамтамасыз етудегі елеулі еңбегін атап өтті.

Кездесу барысында қызметте үздік нәтиже көрсеткен бірқатар мамандарға алғыс хаттар табысталып, ізгі тілектер білдірілді. Басшылық тарапынан әскери психологтардың әрбір сарбаздың ішкі жан дүниесін түсініп, олармен жүйелі әрі нәтижелі жұмыс жүргізіп келе жатқанына жоғары баға берілді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -