Астананың Төтенше жағдайлар департаменті жылыту маусымында тұрғын үйлерге бақылауды күшейтті

869
Фотосурет: Gov

Астана қаласының Сарыарқа ауданындағы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері өрт қаупінің алдын алу мақсатында жеке тұрғын үй секторында профилактикалық рейд өткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астана қаласы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары, подполковник Ғабит Бабаевтың айтуынша, іс-шараның басты мақсаты – тұрғын үйлердегі өрт пен көмірқышқыл газынан улану қаупін азайту, деп хабарлайды DKNews.kz.

«Өрттердің басым бөлігі жеке тұрғын үйлерде тіркеледі. Ең қауіпті кезең – жылыту маусымы. Біз рейдтік іс-шараларды тұрақты түрде өткізіп, қала тұрғындарына өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіреміз. Әлеуметтік жағынан осал отбасылардың үйлеріне көмірқышқыл газын анықтайтын датчиктер орнатылады. Бүгін екі құрылғы қойылды», – деді ол.

Құтқарушылар сондай-ақ пеш жағу кезінде сақталуы тиіс қауіпсіздік ережелерін еске салды. Пештің жарамдылығын алдын ала тексеру қажет. Пештің кірпіші жарылып, саңылау болмауы, ал мұржада тарту күші жақсы болуы тиіс. Сонымен қатар түтін шығатын жол қабырғалар мен қабатаралық жабындардың тұтану қаупін болдырмайтындай етіп жасалуы қажет.

Пештің қатты қызып кетуінің алдын алу үшін оны күніне бірнеше рет жаққан жөн. От жағар кезде жанғыш сұйықтықтарды қолдану қауіпті. Жанып тұрған пешті қараусыз қалдыруға болмайды, пешті тек ересек адамдар ғана жағу қажет.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -