Мәнді мазмұнға ие формат: Ұлттық ұлан Mannequin Challenge-ді қайта жандандырды

979
Фотосурет: ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

ҚР ІІМ Ұлттық ұланында бір кездері танымал болған Mannequin Challenge-ді заманауи мазмұнмен қайта жаңғыртты, деп хабарлайды DKNews.kz.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ҚР Ұлттық ұланы (@ulttyq_ulan_resmi)

Бұл жолы кең таралған формат жаңа 2026 жылды қарсы алуға дайындықты көрсетуге арналған бейнероликтің өзегіне айналып, әскери қызметтің шынайы келбетін артық сөзсіз ашып көрсетті.

Бейнежазбада жеке құрамның саптық дайындығы, сарбаздардың күнделікті тұрмысы мен Жаңа жыл қарсаңындағы әзірлігі біртұтас үдеріс ретінде көрініс табады. Жанға жылулық сыйлайтын ортада тәртіп пен  әскери өмірдің шынайы тынысы сезіледі.

Түсірілім елорданың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін 5573 әскери бөлімінің роталарының бірінде өтті. Камера жасанды көріністерге емес, бөлімшенің қалыпты қызмет ырғағына  - плацтағы саптық дайындықтан бастап, казармадағы тыныштық пен мерекелік қарбаласқа дейінгі көріністерге назар аударады.

Mannequin Challenge форматын таңдау әскери қызметке жаңаша көзқараспен қарауға және оны көпшілікке жақынырақ әрі түсінікті етіп көрсетуге мүмкіндік берді. Бейнеролик Ұлттық ұланның заман талабына сай дамып, қызметтік-жауынгерлік даярлығын жетілдіре отырып, жаңа форматтар мен тың идеяларға ашық екенін айқын аңғартады.

Осылайша, бір кездері танымал болған челлендж жаңа мазмұнмен қайта жанданып, ұландықтардың жауапкершілігі, қызметке адалдығы және Жаңа жылды жауынгерлік бекетте қарсы алуға дайын екенін бейнелейтін шынайы көрініс арқылы жеткізілді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -