Мәдениетті мемлекеттік қолдау: Тоқаевтың жаңа өкімі

957
Фотосурет: Gov

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін, 2025 жылғы 31 желтоқсанда, 2025 жылға арналған мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны беру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды DKNews.kz.

2025 жылға арналған мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны беру туралы
2025 жылғы 31 желтоқсан

  1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес 2025 жылға арналған мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия берілсін

  2. Осы өкім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын

Қазақстан Республикасының Президенті
Қ. Тоқаев
Ақорда

2025 жылы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия иегерлерінің тізімі

Әдебиет қайраткерлері

Марфуға Айтхожа (1936 жылы туған) — ақын, «Барыс» II дәрежелі және «Парасат» ордендерінің иегері, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», «Қазақстанның халық жазушысы», Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Серік Ақсұңқар (1950 жылы туған) — ақын, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Дидар Амантай (1969 жылы туған) — жазушы, «Құрмет» орденінің иегері, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты
Асқар Әлібек (1951 жылы туған) — жазушы, «Барыс» II дәрежелі және «Парасат» ордендерінің иегері, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Зейнеп Ахметова (1945 жылы туған) — жазушы, «Құрмет» орденінің иегері, «Алаш» халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты
Төлен Әбдікұлы (1942 жылы туған) — жазушы, «Барыс» I дәрежелі және «Парасат» ордендерінің иегері, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», «Қазақстанның халық жазушысы», Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -