Жаңа форматтар мен креативті тәсілдер: ҚМА қоғаммен қалай тілдеседі

825
Фотосурет: Gov

Қаржылық мониторинг агенттігі 2025 жыл қорытындысы бойынша халықтың қаржылық және цифрлық сауаттылығын арттыру бағытында жүргізілген ауқымды жұмыстың нәтижелерін шығарды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кездесуге Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Астана қаласы әкімдігінің және «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы» КММ-нің өкілдері қатысты.

Агенттіктің превенция және аналитикалық әзірлемелер департаменті басшысының орынбасары Андрей Давыдов мемлекеттік органдар мен білім беру ұйымдары арасындағы жүйелі өзара іс-қимылдың нақты әрі маңызды нәтижелер бергенін атап өтті.

«Заң және тәртіп» нарративі аясында 4 мыңнан астам профилактикалық іс-шара өткізілді, олар шамамен 4 миллион азаматты қамтыды.

Ағымдағы жылы азаматтардың қызығушылығын арттыру мақсатында коммуникацияның стандарттан тыс, заманауи форматтары енгізілді.

2026 жылы бірлескен жұмыстың қарқынын сақтап қана қоймай, заманауи креативті тәсілдерді қолдана отырып, оны одан әрі күшейту жоспарланып отыр.

Кездесу соңында салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Іс-шараларды өткізуге белсенді қолдау көрсеткені үшін Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Астана қаласы әкімдігінің және «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшылары мен қызметкерлері Агенттік Төрағасының атынан медальдармен және алғыс хаттармен марапатталды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -