ҚР ІІМ Ұлттық ұланы елді Жаңа жылмен ерекше форматта құттықтады

1111
Фотосурет: ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Жаңа жыл қарсаңында ҚР ІІМ Ұлттық ұланы елорда төрінде дәлдік, үйлесімге негізделген ерекше мерекелік акция өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бейнероликте  Ұлттық ұланның арнайы техникасы жұмылдырылды. Қызметтік автокөліктер бір сәтте сап түзеп, өткен жылды бейнелейтін 2025 саны түріндегі әсерлі композиция құрды.

Кульминациялық кезеңде әсерлі көрініс жаңаша сипат алды. 5 саны біртіндеп 6 санына ауысып, композиция 2026 жылды бейнеледі. Бұл — жаңа жылдың, жаңа мақсаттардың және заңдылық пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жолындағы қызметтің жалғасын білдіретін айқын нышан.

Аталған бастама Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің жоғары ұйымдастырушылық деңгейін, темірдей тәртібін және болашаққа сеніммен қадам басуға дайын екенін көрсетті. Құқықтық тәртіп әскерінің жауынгерлері алдағы жылы да азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғау жолындағы жауапты міндеттерді абыроймен атқара бермек.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -