Мыңнан астам зымыран: Астанада жаңа жылдық отшашу қалай өтті

1254
Фотосурет: Gov

Астанада Жаңа жыл мерекесіне орай қауіпсіздік талаптары толықтай сақталына отырып, демеушілердің қаражаты есебінен мерекелік отшашу өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Отшашу 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні сағат 00:00-де екі орыннан – Атырау көпірі маңындағы жағалаудан және Ботаникалық бақ аумағынан атылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Фейерверктің ұзақтығы шамамен бес минутты құрады. Оның биіктігі 200 метрге дейін жетіп, әр алаңда 1500-2000 оқ атылды.

Сонымен қатар қаладағы үш алаңда қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерттер ұйымдастырылды.

Іс-шараларға Зарина Омарова, Еркеш Хасен, Маржан Арапбаева, Сәкен Майғазиев, Қазыбек Құрайыш, Серік Ибрагимов, Жұбаныш Жексенұлы, Ақбота Керімбекова, сондай-ақ «Melomen», «Бәйтерек» топтары және өзге де өнер жұлдыздары қатысты.

Мерекелік іс-шаралардың бәрі қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтай отырып өткізілді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -