2026 жылы 1 қаңтарға қараған жаңа жыл түні мен таңғы уақытта Алматы перзентханаларында 21 нәресте жарық дүние есігін ашты, деп хабарлайды DKNews.kz.
Жедел деректерге сүйенсек, сағат 00:00-ден 07:00-ге дейін 9 ұл мен 12 қыз туған.

Әрбір босануды білікті медицина мамандары мұқият бақылады. Ана мен сәбиге дер кезінде қажетті медициналық көмек көрсетіліп, жаңа туған шақалақтың жағдайы тұрақты деп бағаланды.

2026 жылдың алғашқы сәбилерінің дүниеге келуі — жаңа кезеңнің, үміт пен өмір сабақтастығының символына айналса, медицина қызметкерлері үшін бұл мереке күндері де үздіксіз атқарылатын жауапкершілігі жоғары қызметтің айқын көрінісі.

Қаладағы перзентханалық қызмет жүйесі қалыпты тәртіпте жұмысын жалғастырып, ана мен балаға сапалы әрі қауіпсіз медициналық көмек көрсетіліп отыр.