Алматы облысында мұз үстіндегі ойындар қайғылы жағдаймен аяқталды

957
Фотосурет: @qr_tjm

Бүгін Алматы облысы ТЖД 112 пультіне Жамбыл ауданы, Ұмбетәлі ауылындағы су қоймасына жасөспірім батып кеткені туралы шақырту келіп түсті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Оқиға орнына ТЖМ және ҚР РЖҚЖ құтқарушылары шұғыл жетті. Анықталғандай, төрт жасөспірім ойын кезінде жұқа мұзға шығып, суға құлағаны анықталды.

Куәгер балықшы ойланбастан көмекке жүгіріп, үш жасөспірімді аман алып қала алды. Өкінішке орай, төртінші жасөспірімді құтқару мүмкін болмады. Мәйітті ТЖМ РЖҚЖ сүңгуірлері арқылы судан шығарылып,  әрі қарай әрекет ету үшін полиция қызметкерлеріне тапсырылды.

Қазақстан Республикасы ТЖМ тағы бір мәрте ескертеді:

Балаларды су қоймаларына қараусыз қалдырмаңыз;
Жұқа мұзға шықпаңыз;
Су объектілері маңында қауіпсіздік шараларын қатаң сақтаңыз.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда дереу 112 нөміріне хабарласыңыз.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -