Цифрлық астана: Астана жасанды интеллект пен ақылды басқаруға басымдық беріп отыр

2563
Фотосурет: Gov

Астана қалалық мәслихатының депутаты, бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері бойынша тұрақты комиссияның төрағасы Кендебай Адамбек Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Түркістан» газетіне берген сұхбатына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ол өз сөзінде Президент сұхбатында биыл ел тағдырына тікелей әсер ететін, Қазақстанның ұзақ жылдарға арналған бағыт-бағдары айқындалатын жыл болатынын атап өтті. Кендебай Адамбектің айтуынша, жыл басында елдің дамуы жолындағы негізгі бағыттарды нақтылау маңызды үрдіс болып саналады, деп хабарлайды DKNews.kz.

«Президенттің сөзіне сәйкес, биыл саяси өзгерістердің жаңа кезеңі басталады, экономикалық реформалар жалғасын табады», – деді депутат.

Астана қаласының цифрландыру мәселесіне тоқталған Кендебай Адамбек Президенттің 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялауын атап өтті. Елорданың әкімшілігі мен мәслихаты цифрландыруда мемлекетте көшбасшы болуға ерекше көңіл бөлуде.

«Smart City» жобасы аясында Біріккен Араб Әмірліктерінің озық тәжірибесін енгізу мақсатында 2025 жылғы 14 ақпанда «Астана қаласының Цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасы», «Астана Innovations» акционерлік қоғамы және «Presight AI Ltd» компаниясы арасында «Астана қаласы үшін жасанды интеллект базасында қалалық инфрақұрылымды басқару шешімі» МЖӘ жобасы іске асырылуда», – деді депутат.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта аппараттық-бағдарламалық кешеннің ескі МЖӘ жобасы аясында құрылған инфрақұрылым жеке әріптеске табысталды. Биыл Ахуал орталығының құрылысы аяқталып, 100 серверлік тіреуі бар деректерді өңдеу орталығы іске қосылады. Сонымен қатар 20 000-нан астам интеллектуалды бейнекамера орнатылуда. МЖӘ жобасының нысандарын өндірістік пайдалануға беру 2026 жылы жоспарланып отыр.

«Бұл шаралар Астананың цифрлық дамуы мен инфрақұрылымның тиімді басқарылуына айтарлықтай үлес қосады», – деп атап өтті Кендебай Адамбек.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -