Қазақстанның мәдениет және өнер қайраткерлері еліміздің жаңа Конституциясына арналған «Халықтың Ата Заңы» атты бірлескен ән жазды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Жоба өтіп жатқан саяси реформаларға қоғамдық қолдаудың көрінісі ретінде ұсынылып, азаматтық бірліктің символына айналды.
Белгілі әншілер бір сахнада
Ән жазбасына қазақ эстрадасының танымал он бір орындаушысы қатысты. Олар бірлесіп жаңа туындыны орындап, ел бірлігі мен қоғамдық келісім идеясын жеткізді.
Жобаға қатысқан өнерпаздар:
- Қайрат Баекенов
- Мәдина Сәдуақасова
- Заттыбек Көпбосынұлы
- Бауыржан Исаев
- Еркеш Хасен
- Маржан Арапбаева
- Алишер Каримов
- Сүндет Байғожин
- Анна Уварова
- Әділбек Байтанат
- Роза Рымбаева
Туындының соңғы бөлігінде барлық орындаушылардың даусы бір хорға бірігіп, әнге ерекше салтанат пен кең тыныс береді.

Бейнероликте ел жетістіктері көрсетілген
Әнге түсірілген бейнеролик Қазақстанның әр саладағы жетістіктерін қамтиды.
Кадрларда:
- қазақстандық спортшылардың халықаралық жарыстардағы жеңістері
- ғылым мен робототехника саласындағы табыстар
- медицина мен білім беру жүйесіндегі жетістіктер
- еліміздің табиғи көріністері
- инфрақұрылымдық және қоғамдық дамудың мысалдары
Бейнероликтің визуалды шешімі елдің бірлігі мен дамуын көрсететін символдық мазмұнмен толықтырылған.

Ел бірлігін насихаттайтын жоба
Жобаның негізгі идеясы – Қазақстан қоғамының бірлігі мен тұрақтылығын көрсету. Автролардың айтуынша, туынды елдің болашағына сеніммен қарайтын қоғам бейнесін қалыптастыруға бағытталған.
Мәдениет қайраткерлерінің бұл бастамасы қоғамды тұрақтылық, сабақтастық және ел дамуы идеясы төңірегінде біріктіруге арналған.
Неліктен бұл маңызды
Сарапшылардың пікірінше, мәдениет пен өнер қоғамдағы маңызды қоғамдық үдерістерді түсіндіруде ерекше рөл атқарады. Музыкалық жобалар адамдарды ортақ құндылықтар төңірегінде біріктіріп, қоғамдық пікір қалыптастыруға ықпал етеді.
Жоба жаңа Конституция жобасын қолдаудың мәдени символына айналды.
Еске салайық, жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі республикалық референдум 2026 жылдың 15 наурызына белгіленген.