The Coffee Қазақстанға келеді: Алматыда брендтің Орталық Азиядағы алғашқы кофейнясы ашылады

1958
Фотосурет: TRIPADVISOR

Алматыда халықаралық деңгейдегі жаңа гастрономиялық бренд пайда болмақ. The Coffee кофей желісі Қазақстан нарығына ресми түрде шығып, Орталық Азиядағы алғашқы кофейнясын дәл осы қалада ашады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Алғашқы нүктенің ресми ашылуы 2026 жылғы 17 қаңтарға жоспарланған. Кофейня Алматының ең тартымды бөлігінде — халық арасында «алтын квадрат» аталып кеткен аумақта, Назарбаев даңғылы, 124/2 мекенжайында орналасады.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от The Coffee ザ・コーヒー (@thecoffee.jp)

Бразилиядан басталған бренд, Жапониядан шабыт

The Coffee бренді 2018 жылы Бразилияда құрылған. Оның негізінде дәстүрлі кофейня форматынан бас тартып, қалалық өмір ырғағына бейімделген жаңа концепция жасау идеясы жатыр. Бренд авторлары Жапониядағы to go мәдениетінен шабыт алып, минималистік дизайнға, жылдам сервиске және тұрақты сапаға басымдық берген.

Осы тәсіл қысқа уақыт ішінде сұранысқа ие болып, The Coffee-ді жаһандық деңгейдегі брендке айналдырды.

25-тен астам ел, жүздеген кофейня

Бүгінде The Coffee Америка, Еуропа және Азияның 25-тен астам елінде ұсынылған. Бар болғаны бес жыл ішінде бренд 300-ден астам кофейня ашып, әлем бойынша 1 500-ден аса қызметкерді біріктірді.

Бренд Португалия, Франция, Испания, Италия, Мексика, Чили, Таиланд, БАӘ, Канада секілді елдерде табысты жұмыс істеп келеді. Қазақстанға келуі — халықаралық экспансияның логикалық жалғасы әрі Орталық Азиядағы алғашқы қадам.

Алматы неге таңдалды

Алматыдағы жоба ATLAS Capital басқарушы инвестициялық компаниясымен серіктестікте жүзеге асырылады. Компания private equity бағыты аясында жоғары масштабталу әлеуеті бар халықаралық consumer-брендтерді дамытуға маманданған.

Алматының таңдалуы кездейсоқ емес. Қалада урбанистік мәдениет жақсы дамыған, жастар аудиториясы белсенді және халықаралық брендтерге қызығушылық жоғары. Бұл The Coffee ұсынатын to go форматымен толық үйлеседі.

Мәзірде не болады

Алматыдағы алғашқы The Coffee кофейнясының мәзірінде брендке тән авторлық сусындар мен классикалық кофе түрлері ұсынылады. Олардың қатарында:

  • Ichigo Matcha
  • Pure Black
  • True White
  • Vanilla Latte
  • Flat Caramel

Сонымен қатар маусымдық лимиттелген сусындар, балғын тоқаштар мен кофе дәмін толықтыратын жеңіл тіскебасарлар болады.

Кофейнядан да кең ұғым

The Coffee өзін жай ғана кофе ішетін орын ретінде емес, қалалық өмірдің бір бөлігі ретінде ұсынады. Бұл — жолай кіріп шығуға ыңғайлы, жылдам әрі стильді кеңістік. Артық сән-салтанатсыз, бірақ әр бөлшегіне мән берілген формат.

Сарапшылардың пікірінше, брендтің Алматыда ашылуы қаланың кофей нарығындағы бәсекені күшейтіп, to go сегментінің одан әрі дамуына серпін беруі мүмкін.

Орталық Азиядағы алғашқы қадам

Алматыдағы ашылу The Coffee бренді үшін Орталық Азиядағы алғашқы жоба болмақ. Егер жоба сәтті іске асса, компанияның Қазақстанның басқа қалаларына және аймаққа кеңеюі әбден мүмкін.

Алматы үшін бұл — қаланың жаһандық брендтер картасындағы орны нығайып келе жатқанын көрсететін тағы бір белгі. Кофе мәдениеті арқылы да мегаполис халықаралық трендтермен бір толқында өмір сүріп жатқанын дәлелдейді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -