ТЖМ елордада пәтерде қамалып қалған сәбилерді құтқарды

1540
Фотосурет: @qr_tjm \ бейнежазбадан кадр

ТЖМ құтқарушылары балаларға көмекке келді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Оқиға елорданың Сарыарқа ауданындағы Сұлтан Бейбарыс көшесінде орналасқан тұрғын үйлердің бірінде орын алды. Анасы дәлізге шығып кеткен сәтте кішкентай балалар сыртқы есікті іштен қатты жауып, оны қайта аша алмаған.

Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар альпинистік құралдардың көмегімен 11-қабаттың терезесінен 9-қабатқа төмен түсіп, 2021 және 2025 жылы туған балаларды аман-есен анасына тапсырды.

ТЖМ ата-аналарды балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және кішкентай балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -