112 пультіне Ақтөбе қаласының шетінде адамдардың қар құрсауында қалғаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды DKNews.kz.
Құтқарушылар оқиға орнына жедел түрде шықты. Оқиға орнына келген соң қар құрсауында жеңіл автокөліктің қалып қойғаны анықталды, оның ішінде 5 адам, оның ішінде 2 бала болған.
Лебедканың көмегімен автокөлік қар құрсауынан шығарылып, қауіпсіз жерге дейін жеткізілді. Эвакуацияланғандарға медициналық көмек қажет болған жоқ.
ТЖМ тұрғындардан жолға шығар алдында ауа райын ескеріп, тас жолдарда қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз.