Қазақстан балуандары Түркиядағы ірі турнирде сенімді өнер көрсетті

880
Фотосурет: UWW

Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен Түркияның Анталья қаласында өткен ірі халықаралық турнирде өнер көрсетті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Отандастарымыз төрт медальға қол жеткізді. Оның екеуі - алтын жүлде.

Антальяда өткен бәсекеде 67 келі салмақтағы Бағдат Сабаз және 72 келідегі Юсуф Ашрапов жеңімпаз атанды.

Ал 63 келіде Еркебұлан Ардақов пен 97 келіде Рахат Бержанов қола медаль иеленді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -