Телемедицина қалыпты тәжірибеге айналып келеді: пилоттық жобаның қорытындылары

1254
Фотосурет: Gov

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Қарағанды облыстық клиникалық ауруханасының телемедицина орталығында болып, өңірдегі телемедицинаны дамыту жөніндегі пилоттық жобаның іске асырылу барысымен танысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Сапардың шеңберінде «Дәрігер–пациент» форматында телемедициналық консультация көрсетілді: орталықтың эндокринологы Шет ауданынан пациентті онлайн-режимде қабылдады. Бұл формат тұрғылықты жеріне қарамастан білікті медициналық көмек алуға мүмкіндік береді.

Телемедицина орталығының мамандары пилоттық жобаның қорытындыларын ұсынды және оны енгізудің практикалық нәтижелерімен бөлісті.

Жобаның негізгі көрсеткіштері:

  • облыстық клиникалық аурухананың базасында 200-ден астам телемедициналық сессия өткізілді;
  • Пилоттың шеңберінде «Мед-365» ЖШС және «Сапа телемедициналық орталығы» ЖШС қызметтер көрсетеді;
  • өңір бойынша барлығы 251 консультациялық және 2294 диагностикалық телемедициналық қызметтер жүргізілді.

15 қыркүйектен бастап Қазақстанда «Онлайн медицина» жобасы басталғанын, ол ең шалғай ауылдық өңірлердің тұрғындары үшін медициналық көмекті жақын әрі қолжетімді етуге бағытталғанын естеріңізге сала кетейік.

Пилот еліміздің тоғыз өңірін — Ақмола мен Ақтөбеден Жамбыл, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстары, Алматы облысы мен Астанаға дейін қамтып, 100 медициналық ұйым мен жеті телемедициналық шешім жеткізушісін біріктірді.

Жобаны іске асыру барысында 39 569 қашықтықтан медициналық қызмет көрсетілді, олардың ішінде диагностикалық қызметтер басым — 24 923, алайда мамандардың консультациялық қызметтері де айтарлықтай бөлігін — 12 645, сондай-ақ 2 000-нан астам зертханалық зерттеу құрайды.

Деректерді талдау диагностикалық зерттеулердің көптігіне қарамастан, халықтың негізгі сұранысы мамандандырылған мамандардың — терапевттердің, кардиологтардың, эндокринологтардың, педиатрлардың консультацияларымен байланысты екенін көрсетті.

Телемедицинаның ең сұранысқа ие функциялары экспресс-диагностика, ЭКГ — 20 мыңнан астам зерттеуді, цифрлық стетоскоптарды, отоскоптар мен офтальмоскоптарды қолдану, сондай-ақ созылмалы пациенттерді қашықтықтан бақылау болды.

Бұл нәтижелер халыққа медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттырудың маңызды құралы ретінде телемедицинаның қажеттілігі мен тиімділігін растайды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -