Таулар мен қар көшкіні: құтқарушылар күрделі жағдайда әрекет етуді пысықтады

1199
Фотосурет: Gov

ТЖМ құтқарушылары Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні кезінде іздестіру-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу бойынша арнайы оқу-жаттығу өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Оқу-жаттығу аңызына сәйкес, қар массасының түсуі нәтижесінде шаңғышы қар көшкінінің астында қалды. Оқиға орнына келген құтқарушылар жедел іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізді. Кинологиялық есептоптарды, арнайы қар көшкіні зондтарын және қарда жүретін техниканы қолдана отырып, зардап шеккен адам табылып, қар астынан шығарылды.

Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты бөлімшелердің қар көшкіні қаупі бар кезеңдегі қиын таулы рельеф және жергілікті жердің шектеулі қолжетімділігі жағдайында төтенше жағдайларға ден қоюға дайындығын арттыру болды.

Шығыс Қазақстан облысы еліміздің көшкін қаупі бар өңірлерінің қатарына жатады. Оның аумағында 325 қар көшкінін жинағыш бар. Қар көшкінінің ықтимал әсер ету аймағына 93 шақырым автомобиль жолдары, сондай-ақ туристік және шаңғы базалары кіреді.

ТЖД және «Қазселденқорғау» Шығыс Қазақстан филиалының мәліметтері бойынша, қар көшкіні көбінесе қар көп жиналатын таулы аудандарда болады. Оның негізгі себептеріне қардың ұзақ жаууы, қардың қарқынды еруі, ауа температурасының ауытқуы, шаңғышылардың қар беткейлерін кесіп өтуі, сондай-ақ қатты дыбыстар мен тау беткейлерінен сырғанау жатады.

Құтқарушылар еске салады: тауға шықпас бұрын ауа-райы болжамымен және қар көшкіні жағдайымен танысу қажет. 112 қызметінен дауылды ескертулер алған жағдайда көшкін қаупі бар маршруттарға барудан бас тарту және адам өміріне қауіп төндірмеу ұсынылады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -