Лицензиялар, рұқсаттар, бақылау: банктер үшін не өзгереді

924
Фотосурет: Максим Золотухин/DKNews.kz

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Банкті, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалын ашуға рұқсат беру қағидаларын, Банктерге, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарына банк лицензиясын беру қағидаларын бекіту туралы» Агенттік Басқармасы қаулысының жобасын әзірледі, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қаулының жобасы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» ҚР Заңының жобасын іске асыру үшін әзірленді.

Құжатта банкті, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалын ашуға рұқсат беру тәртібін, сондай-ақ банктерге, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарына банктік және өзге де операцияларды жүзеге асыруға лицензия, исламдық банктік және өзге де операцияларды жүзеге асыруға лицензия беру тәртібін бекіту көзделеді.

Қаулы жобасының толық мәтінімен «Ашық НҚА» интернет-порталында және Агенттіктің ресми интернет-ресурсында танысуға болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -