2025 жылдың қорытындысы бойынша теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау көлемі 320 млн тоннаға дейін жетті, бұл 2024 жылғы көрсеткіштен 5,5%-ға артық, деп хабарлайды DKNews.kz.
Республикаішілік қатынаста 2024 жылмен салыстырғанда 2,7% өсіммен 177 млн тонна жүк тасымалданды. Экспорттық қатынаста тасымалдау көлемі 89,2 млн тоннаға дейін ұлғайып, 2024 жылғы деңгейден 7,2%-ға асты, ал импорттық тасымалдар 20,7 млн тоннаға (+2,7%) жетті.
Ең үлкен өсім транзиттік қатынаста тіркелді. Жыл қорытындысы бойынша транзиттік тасымалдау көлемі 33 млн тоннаны құрады, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 19,9%-ға артық.
Сонымен қатар, астық тасымалының айтарлықтай өсімі байқалады. 2025 жылдың қорытындысы бойынша теміржол көлігімен 14,3 млн тонна астық тасымалданды, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 31%-ға артық (10,8 млн тонна).
Жалпы көлеммен экспортқа 11 млн тонна (+33%) жіберілді, республикаішілік қатынаста 3,3 млн тонна (+26%) тасымалданды.
Орталық Азия, Иран, Ауғанстан және Ресей елдерін қоса алғанда, экспорттың негізгі бағыттары бойынша тұрақты оң динамика байқалады.
Астықты қайта өңдеу өнімдерін тасымалдауды ұлғайту есебінен елеулі өсім қамтамасыз етілді: ҚХР-да азықтық ұнның көлемі 3,1 млн тоннаға жетіп, 3,8 есеге өсті, бұл қосылған құны жоғары өнім өндірісінің кеңеюін көрсетеді.
Сондай-ақ, 2025 жылы Африка, Вьетнам және Еуропалық одақ мемлекеттерін қоса алғанда, жаңа экспорттық нарықтар ашылды.
Жалпы, 2025 жылдың нәтижелері теміржол көлігінің тұрақты жұмыс істеуін және жүк тасымалы дамуының оң динамикасын көрсетеді.