Қарағандыдағы Ұлттық ұланның әскери бөліміне Мәжіліс депутаты іссапармен келді

1474
Фотосурет: ҚР ІІМ ҰҰ «Орталық» ӨңҚ баспасөз қызметі

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Олжас Куспеков арнайы іссапармен 5451 әскери бөліміне келді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Сапар аясында халық қалаулысы әскери бөлімнің қызметтік-тұрмыстық жағдайымен танысты. Сондай-ақ жеке құраммен кездесіп, олардың қызмет барысын көзбен көрді.

Жүздесуде әскери қызметшілердің әлеуметтік мәселелері, тұрмыстық-техникалық қамтамасыз етілу деңгейі, сонымен қатар әскери инфрақұрылымның қазіргі ахуалы жан-жақты қарастырылды.

Депутат мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан жүйелі қолдаудың нәтижесінде әскери қызметшілердің әлеуметтік жағдайы жыл сайын жақсарып келе жатқанын атап өтті. Мұндай қолдаудың қызмет сапасын арттыруға және бөлімнің тұрақты дамуына ықпалы зор. Осы ретте әскерилердің кәсіби деңгейін көтеруге, тұрмыстық жағдайларын жақсартуға бағытталған нақты жұмыстар жүзеге асырылып жатыр.

Осындай кездесулер – әскери қызметшілердің адал әрі кәсіби қызметіне көрсетілген зор құрмет.

Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі жолындағы қызмет әрдайым жоғары бағалануы тиіс. Бұл – мемлекет пен қоғамның ортақ жауапкершілігі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -