5571 әскери бөлімінде 600-ден астам жас сарбаз Әскери ант қабылдады.

1320
Жан Арыстанұлы Редактор
Фотосурет: ҚР ҰҰ баспасөз қызметі

5571 әскери бөлімінде әрбір әскери қызметшінің өміріндегі ең маңызды кезеңдердің бірі – Әскери ант қабылдау рәсімі өтті.

Отанға адалдықтың басты символын салтанатты жағдайда Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының қатарына жаңадан қосылған 600-ден астам жас сарбаз қабылдады.

Салтанатты іс-шараға әскери бөлімнің жеке құрамы ғана емес, әскери қызметшілерге әрдайым қолдау білдіретін жандар да қатысты. Рәсімге әскери бөлім ардагерлері, Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша «Аналар жүрегі» сарбаздар аналары комитетінің өкілі Татьяна Тропина, Алматы жедел бірлестігінің басшылығы, сондай-ақ жас сарбаздардың ата-аналары мен жақындары жиналды.

Әнұран, Ту және әскери өмірдегі алғашқы қадам

Салтанатты рәсім ашық деп жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны шырқалып, Мемлекеттік Ту көкке көтерілді. Туды көтеру мәртебесі оқу пунктінің үздік сарбазы – қатардағы Ермек Мусахановқа берілді. Бұл ол үшін ерекше сенім мен жоғары бағалаудың белгісі болды.

Жас жауынгерлерге 5571 әскери бөлімінің командирі Мақсат Баймағұлов ақ жол тіледі. Ол бұл сәттің маңыздылығын және осы күннен бастап сарбаздардың иығына артылатын жауапкершілікті атап өтті.

«Бүгін біздің әскери бөлім үшін айрықша әрі мәні зор күн. Жас сарбаздардың Әскери ант қабылдауы – ең мәртебелі оқиғалардың бірі. Бұл сәт әрқайсыңыздың жадыңызда мәңгі сақталатынына сенімдімін. Бүгіннен бастап сіздер Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметшілері қатарына ресми түрде қосылдыңыздар. Енді сіздерге ел тыныштығын сенімді қорғау және әскери борышты адал атқару міндеті жүктеледі. Ұлттық ұланның даңқты жауынгерлік дәстүрін жалғастырып, оның абыройлы атын асқақ ұстау – басты міндеттеріңіз», – деді бригада командирі.

Аналардан, ардагерлерден және қаруластардан – ақ тілек

Салтанат барысында сарбаздардың жақындары да жылы лебіздерін білдірді. 2-оқу ротасының әскери қызметшісі Әлібек Ақмолдаевтың анасы Жанна Нағызбекқызы, әскери бөлім ардагерлер кеңесінің төрағасы, запас майоры Берік Алмағамбетов және сарбаздар аналары комитетінің өкілі Татьяна Тропина сөз сөйледі.

Олар жас толықты тәрбиелеудегі командование еңбегіне алғыс айтып, сарбаздардың Отан қорғау жолындағы жауапты міндетті абыроймен атқаратынына сенім білдірді.

Жеке құрам атынан 1-оқу ротасының сарбазы Алинұр Әшірхан сөз алып, қызметтестерін қолдап, елге адал әрі жанқиярлықпен қызмет етуге шақырды.

Оқу алаңынан – мегаполис қауіпсіздігіне дейін

Жас жауынгер курсынан өтіп, Әскери ант қабылдаған сарбаздар осы күннен бастап елдегі заңдылық пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жүрген Ұлттық ұлан әскери қызметшілерімен бір сапқа тұрды.

5571 әскери бөлімі Алматы қаласында қоғамдық тәртіпті сақтауға, қоғамдық-саяси, спорттық және мәдени іс-шаралардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге белсенді түрде қатысып келеді. Жақын уақытта жас сарбаздар оңтүстік астананың көшелерінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша нақты міндеттерді орындай бастайды.

Әскери ант қабылдау күні олардың әрқайсысы үшін жай ғана рәсім емес, ел мен халық алдындағы жаңа жауапкершіліктің, саналы қызмет пен азаматтық борыштың бастауына айналды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -