19 қаңтар – Әскери тәрбиешілер күні! Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде

1122
Фотосурет: Ұлттық ұлан

19 қаңтар – әскери тәрбиешілердің кәсіби мерекесі ретінде атап өтіледі.

Дәл осы күні, 1993 жылғы 19 қаңтарда Мемлекет басшысының Жарлығымен командирлердің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасарлары институты құрылып, ұлттық әскери жүйені қалыптастырудағы маңызды қадам жасалды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Аталған институттың құрылуы тәрбиеші офицерлер қызметін ресми деңгейде бекітіп, олардың мәртебесі, міндеттері мен жауапкершілігін айқындады. Содан бері әскери тәрбиешілер әскер қатарында идеологиялық және тәрбиелік жұмыстың негізгі тірегіне айналып, жеке құрамның моральдық-психологиялық дайындығын нығайтуға өлшеусіз үлес қосып келеді. Бүгінде әскери қуат тек қару-жарақпен ғана емес, сарбаздардың рухы мен бірлігімен өлшенеді.

Осы тұрғыда Ұлттық ұлан мен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде қызмет атқарып жүрген тәрбиеші офицерлер жауынгерлік рухты көтеру, заң мен тәртіпті сақтау, әскери тәртіпті нығайту, отансүйгіштік пен ұлттық құндылықтарды дәріптеу бағытында жүйелі жұмыс жүргізуде. Кәсіби мереке қарсаңында барлық әскери тәрбиешілерді Әскери тәрбиешілер күнімен құттықтаймыз! Зор денсаулық, отбасыларына амандық, абыройлы қызметтеріне толағай табыс тілейміз.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -