Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкімет отырысында Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың V отырысында еліміздегі авиаотын бағасын төмендету жөніндегі тапсырмаларын орындау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды DKNews.kz.
Құрылтайда авиаотын бағасы көрші елдердегі әуежайлармен салыстырғанда тым қымбат әрі бәсекеге қабілетсіз екені айтылды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша авиахабтарды дамыту контексінде «әр ұшаққа» авиаотын тоннасының құны 1200-ден $940-қа дейін төмендетілді, одан әрі нысаналы төмендеуі тоннасына – $890, — деп атап өтті Ерлан Ақкенженов.
Бұл air Atlanta, Hungary Airlines, One Air сияқты халықаралық авиакомпаниялардың отандық әуежайлардағы рейстерінің бәсекеге қабілеттілігін жақсартуға және санын арттыруға мүмкіндік бергені атап өтілді. Осы бағыттағы жұмыс жалғасатын болады. Бұл отандық әуежайлардың бәсекеге қабілеттілігін жақсартуға және «Air Atlanta», «Hungary Airlines», «One Air» сияқты халықаралық авиакомпаниялардың рейстер санын арттыруға мүмкіндік беретіні атап өтілді.