Алматыда өрт сөндіру бөлімшелерін жаңа жарақпен қамтамасыз ету аяқталды

638
Фотосурет: Gov

Өрт сөндірушілер әрдайым жоғары қауіп-қатер жағдайында жұмыс атқарады, олардың қорғалу деңгейі құтқару операцияларының нәтижесіне тікелей әсер етеді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Осыған байланысты ТЖМ жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, еліміздің барлық өңірлерінде өрт сөндіру бөлімшелерінің арнайы киім жабдығын кезең кезеңімен жаңартып жатыр.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде Алматы гарнизонының жеке құрамы өрт сөндірушінің жаңа жауынгерлік киім жиынтығымен толық қамтамасыз етілді. Қазіргі таңда 1 000-нан астам қызметкер жаңа арнайы киім жабдығын алды. Жалпы саны шамамен 1 300 жиынтық сатып алынып, соның арқасында күн сайын өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарына тартылатын бөлімшелер толық жарақталды.

Жаңа қорғаныш киімі жеңіл, қорғалу деңгейі жоғары, киіп жүруге қолайлы әрі эргономикалық жағынан ыңғайлы. Бұл өрт сөндіру және құтқару жұмыстары барысында өрт сөндірушілердің тиімді әрі қауіпсіз жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Аталған үлгі жоғары температурадан, жылу сәулесінің және ашық жалынның әсерінен сенімді түрде қорғайды.

ТЖМ мен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен жұмысы кәсіби қауіп-қатерлерді азайтуға және қызмет атқару үшін қауіпсіз жағдай жасауға бағытталған. Қорғаныш киім жабдығын жаңарту еліміздің басқа өңірлерінде де жалғасады, бұл өрт сөндіру бөлімшелерін заманауи қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етіп, төтенше жағдайларға ден қоюдың жалпы деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -