Қайтарылған миллиондар — халық денсаулығына бағытталды

1034
Фотосурет: Gov

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес прокуратура органдары заңсыз иемделген активтерді қайтару есебінен елімізде әлеуметтік нысандар салуды жалғастыруда, деп хабарлайды DKNews.kz.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес прокуратура органдарымен заңсыз иемделінген активтерді қайтару есебінен елімізде көптеген әлеуметтік нысандар салынып, пайдалануға берілуде.

Осының шеңберінде Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Жарық ауылында жаңа медициналық пункттің ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары, аудан әкімі, аудан прокуроры, мемлекеттік органдардың, қоғам өкілдері және жергілікті тұрғындар қатысты.

Жаңа медициналық нысан 25 келушіні қабылдауға арналған. Бұл ауыл тұрғындарына аудан орталығына бармай-ақ, жергілікті жерде алғашқы медициналық-санитарлық көмек алуға мүмкіндік береді.

Медициналық пунктте диагностикалық жабдықтармен жабдықталған медициналық қызметтер көрсетіледі, білікті мамандар жұмыс істейді – мұның бәрі халықтың денсаулығын жақсартуға бағытталған.

Бұл жобаны іске асыру ауыл халқының әл-ауқаты мен денсаулығына деген мемлекет қамқорлығының айғағы болып табылады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -