Бір тексеру – бір мүмкіндік: Қазақстанда әйелдерге арналған тегін онкоскрининг өтеді

935
Фотосурет: monstArrr_/Getty Images

Қазақстанның барлық өңірлеріндегі әйелдер 31 қаңтарда еліміздің барлық онкологиялық орталықтарында өтетін Бірыңғай ашық есік күніне қатысуға шақырылады. Шара жатыр мойны қатерлі ісігі туралы хабардарлықты арттыру айлығы аясында ұйымдастырылып, әйелдер арасында тұрақты профилактикалық тексеруден өту мәдениетін қалыптастыруды мақсат етеді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бұл – дәрігерге баруды кейінге қалдырып жүрген әйелдер үшін маңызды мүмкіндік. Себебі кейде бір ғана тексеру өмірді сақтап қалуы мүмкін.

Неге бұл маңызды

Жатыр мойны қатерлі ісігі Қазақстанда әйелдер арасындағы онкологиялық аурулардың құрылымында екінші орында тұр. Жыл сайын бұл диагноз 1 800-ден астам әйелге қойылады, ал 400-ден астам жағдай өліммен аяқталады.

Дәрігерлердің айтуынша, аурудың ең қауіпті тұсы – ерте кезеңдерде ешбір белгі бермеуі. Сондықтан дерт көбіне тек алдын ала скрининг кезінде ғана анықталады. Ал дер кезінде анықталған жағдайда жатыр мойны қатерлі ісігі емге жақсы беріледі, ағзаны сақтайтын әдістер қолданылып, репродуктивті функция сақталады.

Қашан және қайда өтеді

  • Күні: 31 қаңтар
  • Уақыты: 9:00–13:00
  • Өтетін орны: Қазақстанның барлық онкологиялық орталықтары

Өзіңізбен бірге жеке куәлік болуы қажет.

Кімдер қатыса алады

Тексеруден өту және дәрігерлік кеңес алу:

  • жасына;
  • тұрғылықты жеріне;
  • жолдаманың бар-жоғына

қарамастан барлық әйелдер үшін қолжетімді.

Ашық есік күні аясында не ұсынылады

Қатысушыларға:

  • жетекші онкогинекологтардың тегін қабылдауы;
  • онкоцитологияға тегін жағынды алу;
  • әйелдер денсаулығына қатысты сұрақтарға жауаптар;
  • аурудың алдын алу және өмір салты бойынша ұсынымдар ұсынылады.

Барлығы тегін.

Қандай белгілерге назар аудару керек

Мамандар мына белгілер пайда болған жағдайда дәрігерге қаралуға кеңес береді:

  • іштің төменгі бөлігіндегі ауырсыну немесе жайсыздық;
  • етеккірден тыс қанды бөліністер;
  • қынаптық бөліністердің түсі, көлемі немесе иісінің өзгеруі;
  • етеккір циклінің бұзылуы;
  • бел немесе жамбас аймағындағы ауырсыну;
  • себепсіз әлсіздік, тез шаршау;
  • тәбеттің төмендеуі және салмақ жоғалту.

Белгілердің болмауы аурудың жоқтығын білдірмейді.

Онкологиялық орталықтардың мекенжайлары

Астана

ШЖҚ «Көпсалалы медициналық орталық» МКК
Мекенжайы: Манас к-сі, 17
Тел.: 8 (7172) 95-40-35, +7 708 506 93 09

Алматы

«Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ
Мекенжайы: Абай даңғылы, 91
Тел.: 8 (727) 292-04-47, 292-18-04, 292-00-61, 292-99-20, 292-99-21, 292-99-30, 292-19-84

Алматы қ., Папанин к-сі, 220А, А литері, 1-қабат
Тел.: 8 (727) 312-24-74

Алматы облысы

«Алматы аймақтық көпсалалы клиникасы»
Мекенжайы: Алматы қ., Роза Бағланова к-сі, 69а
Тел.: 8 (727) 261-39-52, 227-52-96

Шымкент

Қалалық онкологиялық орталық
Мекенжайы: Байтұрсынов к-сі, 85а
Тел.: 8 (7252) 38-00-70

Ақмола облысы / Көкшетау

Көпсалалы облыстық аурухана (онкополиклиника)
Мекенжайы: Ақан сері к-сі, 1в
Тел.: 8 (7162) 33-04-94

Ақтөбе облысы

М.Оспанов атындағы БҚМУ КДО
Мекенжайы: Жаңа Қоныс – 8
Тел.: 8 (7132) 53-42-20

Жетісу облысы / Талдықорған

Облыстық көпсалалы клиника
Мекенжайы: Абай к-сі, 316
Тел.: 8 (7282) 40-10-55

Атырау облысы

Атырау облыстық онкологиялық диспансері
Мекенжайы: Владимирский к-сі, 2
Тел.: 8 (7122) 76-60-38, 76-60-40

Батыс Қазақстан облысы / Орал

Облыстық онкологиялық диспансер
Мекенжайы: Алматинская к-сі, 58
Тел.: 8 (7112) 91-80-52

Қарағанды облысы

№3 көпсалалы аурухана
Мекенжайы: Қ. Аманжолов к-сі, 189
Тел.: 8 (7212) 94-05-33, +7 778 021 05 05

Қызылорда облысы

Қызылорда облыстық онкологиялық орталығы
Мекенжайы: Берке хан к-сі, 49А
Тел.: +7 778 152 20 95

Қостанай облысы

Қостанай қалалық онкологиялық көпсалалы ауруханасы
Мекенжайы: Кубеев к-сі, 2
Тел.: 8 (7142) 52-40-77, +7 775 030 91 47

Маңғыстау облысы / Ақтау

Маңғыстау облыстық онкологиялық диспансері
Мекенжайы: 1А шағын аудан, №3 ғимарат
Тел.: +7 771 308 43 16

Павлодар облысы

Павлодар облыстық онкологиялық диспансері
Мекенжайы: Ресей к-сі, 57/3
Тел.: 8 (7182) 66-00-97, 66-00-98, 66-00-91

Солтүстік Қазақстан облысы / Петропавл

Онкологиялық орталық
Мекенжайы: Әуезов к-сі, 133
Тел.: 8 (7152) 35-00-08, 46-60-08

Абай облысы / Семей

Абай облысының ядролық медицина және онкология орталығы
Мекенжайы: Күтжанов к-сі, 3
Тел.: 8 (7222) 69-42-16, +7 702 075 07 80

Шығыс Қазақстан облысы / Өскемен

Онкология және хирургия көпсалалы орталығы
Мекенжайы: Потанин к-сі, 6
Тел.: 8 (7232) 20-89-97, +7 771 944 48 08

Ұлытау облысы / Жезқазған

Көпсалалы облыстық аурухана
Мекенжайы: Иманжан к-сі, 11, 6-қабат
Тел.: +7 747 430 58 99, +7 776 666 20 00

Жамбыл облысы / Тараз

Жамбыл облыстық онкологиялық диспансері
Мекенжайы: Әулиеата шағын ауданы, 8-үй
Тел.: +7 702 365 39 28

Түркістан облысы

Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының онкологиялық орталығы
Мекенжайы: Шымкент қ., Құрманбеков к-сі, 2/6
Тел.: 8 (7252) 40-72-01

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -